2018 жылғы 12 қыркүйекте қалалық мәслихаттың депутаты Қамар Қапасқызы Жанасылованың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 34 сессиясы өтті.
Сессияда Cәтбаев қаласының әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөніндегі есебі тыңдалды.
Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» ММ басшысының міндетін атқарушы Н.С.Сүттібаева «Сәтбаев қаласындағы тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық жағдайы және даму перспективалары туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылдың 31 наурызындағы № 216 шешімінің орындалуы туралы ақпаратымен баяндама жасады. Экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Цой В.Л. осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды.
Сессия отырысында әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылованың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды. Депутаттар сондай-ақ, облыс әкімдігімен ұсынылған 23 мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) шарттарының жобаларын мақұлдады.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Кезекті сессияның төрағасы болып № 5 сайлау округі бойынша депутат Юстус Владимир Владимирович сайланды.