Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың кезектен тыс 35-сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Дүйсенбі, 22 Қазан 2018 02:53
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылдың 18 қазанында  Сәтбаев қалалық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы болып өтті. Депутаттар Сәтбаев қаласының және Жезқазған кентінің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын бекіту туралы мәселелерді қарады. Талқыланған мәселелер бойынша шешімдер жобаларын қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Х.Сәкеев, Жезқазған кентінің әкімі Б.Ә. Әбен, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі басшысының м.а З.С.Таянова ұсынды.
Қалалық сайлау комиссиясының ұсынымына сәйкес № 3 сайлау округі бойынша депутат Қ.Ұ. Керімқұловтың депутаттық өкілеттіліктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Сессияда сондай-ақ жер теліміне меншік құқығын беру жөніндегі қалалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды.

Оқылды: 1131 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin