Басып шығаруға арналған нұсқасы

Бірлескен тұрақты комиссия отырысы және қалалық мәслихаттың кезектен тыс 36 сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сейсенбі, 27 Қараша 2018 06:21
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылғы 22 қарашада Сәтбаев қалалық мәслихатында тұрақты комиссия және кезектен тыс 36 сессия отырысы болып өтті. Депутаттар Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындыларын, Жезқазған кентінің көшірілуге жататын тұрғындарымен қала әкімдігі арасындағы келісім шарттар жобасын және Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018 – 2019 жылдарға арналған жоспарды қарады.
Аудит қорытытндысы бойынша «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының м.а. Ә.Мұханбетәлінің, Сәтбаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС директорының орынбасары Б.Е.Абдрахаевтың ақпараттары тыңдалды. Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін және онда орналасқан жылжымайтын мүлікті сатып алу (алып қою) 63 шарттарының жобасы бойынша ақпаратты қала әкімінің орынбасары       С.Н. Нарботаев ұсынды.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды, кезекті сессияның төрағасы болып депутат Қ.С.Әділбаев сайланды.

Оқылды: 1156 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin