Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Жұма, 28 Желтоқсан 2018 02:27
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2018 жылғы 26 желтоқсанда Сәтбаев қалалық мәслихатының 39-сессиясы болып өтті. Сессияда келер үшжылдық қалалық бюджетті бекіту және 2016 – 2020 жылдарға арналған Сәтбаев қаласының даму бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы мәслелер қаралды. Бұл мәселелер бойынша  «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Е.Х.Сәкеев баяндама жасады. Бюджет, экономикалық реформа, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі В.В.Юстус тұрақты комиссияның қорытындысын ұсынды. Күн тәртібіне сәйкес сессияда қалалық мәслихаттың хатшысы Т.И.Хмилярчуктың атқарған жұмысы туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, депутаттар қала тұрғындарына көліктік қызмет қөрсетуді жақсарту жөніндегі «Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысының м.а. Ә.М.Мұхамбетәлінің ақпаратын талқылады, депутат И.Бралин осы мәселе бойынша жұмыс комиссиясының қорытындысымен сөз алды.  Сессияда сонымен қатар VІ шақырылған қалалық мәслихаттың шешімдерінің орындалу мониторингісінің қорытындылары қаралды, қалалық мәслихаттың 2019 жылға арналған жұмыс жоспары және қалалық мәслихат аппаратының қаржыландыру жоспарын бекітілді. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Қ.М.Балмағамбетов сайланды.
Сессия жұмысына қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың басшылары қатысты. Сессияны қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелерімен қорытындылады.

Оқылды: 1066 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin