Басып шығаруға арналған нұсқасы

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Бейсенбі, 10 Қаңтар 2019 05:14
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Сәтбаев қалалық мәслихаты Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін таңдау бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды. Жұмыс тобының сандық құрамы – 7 адам, оның 2-і – мемлекеттік органның өкілдері, 5-і – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар. Конкурс коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың арасында өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін:
1) үлгі бойынша өтініш (үлгі қалалық мәслихаттың сайтында: maslihat.satpaev.gov.kz).
2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі ұсынылады.
Кандидат соттылығы болмауы, психологиялық ауруы, нашақорлық және уытқұмарлық бойынша есепте тұрмауы тиіс.
Жұмыс тобына кандидатуралар бойынша ұсынысты 2019 жылдың 25 қаңтарына (қоса алғанда) дейін мына мекен-жайға жолдауларыңызды сұраймыз: 101302, Сәтбаев қ., Академик Қ.Сәтбаев д., 108, 3-қабат.
Электрондық мекен-жай: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.  

Байланыс телефоны: 8 (71063) 34523, 34453.

Оқылды: 268 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin