Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Проекты и решения Жұма, 24 Мамыр 2019 09:30

Жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ

Сәтбаев қаласы                              № ___                 2019 жылғы «___» __________

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы                № 349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.    Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 349 «2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5092 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 08 қаңтарда, «Шарайна» газетінің 2019 жылғы 11 қаңтардағы №1 (2346) нөмірінде, жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1)    кірістер – 11 133 432 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 268 400 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 32 700 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 22 000 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша – 7 810 332 мың теңге;
2)    шығындар – 11 402 311 мың теңге;
3)    таза бюджеттік кредиттеу – алу 30 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 000 мың теңге;
4)    қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5)    бюджет тапшылығы (профициті) – алу 238 879 мың теңге;
6)    бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –                 238 879 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 268 879 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2019 жылға арналған резерві 65 000 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы                            Ж. Күнеділов                                                                   

Қалалық
мәслихат хатшысы                            Т. Хмилярчук

Оқылды: 947 рет