«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі - Сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Қарағанды облысының Сәтбаев қалалық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының шығып қалғандарының орындарына және сайлау комиссияларының сандық құрамының өзгеруіне байланыстымүшелер сайлау туралы хабарлайды.
Учаскелік сайлау комиссияларының сандық құрамын учаскелердегі сайлаушылардың санына қарай қаланың аумақтық сайлау комиссиясы айқындады.
Сайлау комиссияларының өкілеттік мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2019 жылғы 28 қазаннан бастап 15 қарашаға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған (maslihat.satpaev.gov.kz).
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2019 жылғы 15 қарашаға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13: 00-ден 14: 30-ге дейін.
СӘТБАЕВ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫ
Қалалық мәслихаттың мекен-жайы: Сәтбаев қаласы, акад. Қ. Сәтбаев даңғылы, 108.
Қалалық мәслихаттың хатшысы – Хмилярчук Татьяна Ивановна.
Материалдарды жинауға жауапты: Махамбетова Қарлығаш Мамедқызы, қалалық мәслихаттың аппарат басшысы, жұмыс тел. 8(71063) 3-44-53 , факс: 8(71063) 3-45-23, электрондық почта мекен-жайы:
This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Сәтбаев қалалық мәслихаты бос орындарға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлайды:
№ р/б |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің бос орындарының саны |
1. |
№ 283 |
Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 5 |
2 |
2. |
№ 284 |
Сәтбаев қаласы, Наурыз көшесі, 14а |
3 |
3. |
№ 285 |
Сәтбаев қаласы, Жеңіс көшесі, 17б |
1 |
4. |
№ 286 |
Сәтбаев қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 28 |
1 |
5. |
№ 287 |
Сәтбаев қаласы, Ә. Құсайынов көшесі, 23а |
1 |
6. |
№ 288 |
Сәтбаев қаласы, Ә. Құсайынов көшесі, 8 |
2 |
7. |
№ 291 |
Сәтбаев қаласы, Академ. Қ. Сәтбаев даңғылы, 114а |
2 |
8. |
№ 292 |
Қ.Сәтбаев даңғылы, 106 |
3 |
9. |
№ 293 |
Қ.Сәтбаев даңғылы, 106 |
1 |
10. |
№ 294 |
Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 12а |
2 |
11. |
№ 296 |
Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11а |
2 |
12. |
№ 297 |
Сәтбаев қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 11 |
3 |
13. |
№ 299 |
Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 67а |
1 |
14. |
№ 300 |
Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 68 |
3 |
15. |
№ 301 |
Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі ,217 |
3 |
16. |
№ 302 |
Сәтбаев қаласы, академ. Қ. Сәтбаев даңғылы, 154 |
2 |
17. |
№ 304 |
Сәтбаев қаласы, Академ. Қ. Сәтбаев даңғылы, 139 |
1 |
18. |
№ 305 |
Сәтбаев қаласы, Абай Құнанбаев көшесі, 5 |
3 |
19. |
№ 306 |
Весовая елді мекені, Киров көшесі, 12 |
3 |
20. |
№ 307 |
Сәтбаев қаласы, Ерден көшесі ,217 |
5 |
21. |
№ 308 |
Сәтбаев қаласы, Ұлытау көшесі, 110 |
1 |
22. |
№ 309 |
Сәтбаев қаласы, Ә.Құсайынов көшесі, 9 |
2 |
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т.Хмилярчук