Басып шығаруға арналған нұсқасы

Қалалық мәслихаттың 58 сессиясы

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сәрсенбі, 15 Қаңтар 2020 08:21
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

2019 жылғы 26 желтоқсанда депутат Қ.Қ.Жанасылованың төрағалық етуімен Сәтбаев қалалық мәслихатының 58-сессиясы болып өтті. Күн тәртібіне сәйкес депутаттар 2020-2022 жылдарға арналған қалалық бюджетті бекітті, мәселе бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының орынбасары Ш.Әубәкіров баяндама жасады. Сессияда қалалық мәслихаттың хатшысы Т.Хмилярчуктың атқарған жұмысы туралы есебі және «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы М.Баповтың 2018-2019 жылдарға Сәтбаев қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жоспарын іске асыру қорытындылары туралы есебі тыңдалды. Депутаттар Жезқазған кентінің көшірілуіне байланысты нысаналы мақсаты мен пайдаланылу режимi бойынша аумақтарды айқындай отырып, Сәтбаев қаласы жерлерін аймақтарға бөлу схемасына өзгеріс енгізу жөніндегі шешім жобасын қарады, жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларымен келісті, қалалық мәслихаттың 2020 жылға арналған жұмыс жоспарын және «Сәтбаев қалалық мәслихатының аппараты» ММ 2020 жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітті. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат И.Бралин сайланды. Сессия соңында қала әкімі А.А.Ыдырысов қаланың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.

Сессияның екінші салтанатты бөлімі  Қазазқстан Республикасы мәслихаттарының 25 жылдығын мерекелеуге  арналды. Қала әкімі А.Ыдырысов және мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук қалалық мәслихаттың алтыншы және бұрынғы шақырылымдарының депутаттарын құттықтап, депутаттар мен мемлекеттік мекеме басшыларының бірқатарына Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл мерекелік медалімен, Сәтбаев қаласының құрмет грамотасымен және мәслихат хатшысының алғыс хатымен марапаттады.

Оқылды: 3929 рет
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin