2020 жылдың 27 мамырында Сәтбаев қалалық мәслихаттың кезекті 64 сесссиясы өтті. Депутаттар қалалық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш.М.Әубәкірдің Сәтбаев қаласын дамытудың 2016 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасының 2019 жылғы орындалуы туралы және 2019 жылға арналған қалалық бюджеттің орындалуы туралы есептерін; Жезқазған кенті әкімінің м.а. М.М. Кокшиннің 2019 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есебін тыңдады. Мәслихат хатшысы Т.И.Хмилярчук Қарағанды облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысын ұсынды.
Қаралған мәселелерді қала әкімі А.А. Ыдырысов қорытындылады. Депутаттар жалпы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштерін атап өтті. Күн тәртібіне сәйкес экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалып, бекітілді; сондай-ақ ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізу туралы шешімдер қабылданды. Кезекті сессияның төрағасы болып депутат Ш.С. Мұхамедғалиева сайланды.