Басып шығаруға арналған нұсқасы

2021 жылғы 15 қаңтарда VII шақырылған Сәтбаев қалалық мәслихатының I ұйымдастыру сессиясы болып өтті. Сессия отырысын қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.А.Геймбух ашып, жүргізді.

| Автор:   Бөлім:  Жаңалықтар Сейсенбі, 19 Қаңтар 2021 03:39
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Жаңадан сайланған депутаттар күн тәртібіне сәйкес қалалық мәслихаттың хатшысын сайлау туралы, қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларын құру және олардың төрағаларын сайлау туралы мәселелерді қарады. Депутаттардың шешімімен мәслихат хатшысы болып Т.И.Хмилярчук, экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиның төрағасы болып депутат С.Н.Нарботаев, әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып Ш.С.Мұхамедғалиева бірауыздан сайланды. Депутаттар сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Сәтбаев қалалық мәслихатындағы депутаттық фракциясын тіркеді. Сессия жұмысына қала әкімінің орынбасарлары, бірқатар қалалық мекеме, ұйымдар басшылары қатысты.

Оқылды: 792 рет Соңғы рет өзгертілді: Сейсенбі, 19 Қаңтар 2021 03:40
admin

Келесі автордың соңғы жариялағандары: admin