2021 жылдың 30 маусымындаonline режимде (Zoom) қалалық мәслихаттың кезектен тыс 11-сессиясы өтті. Депутаттар «Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2019 жылғы 10 қаңтардағы 41 сессиясының №367 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттарының жобаларымен келісу туралы» мәселелерді қарады. Қабылданған шешімдерге сәйкес саяси партиялардың және қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары негізінде 17 учаскелік сайлау комиссиясының құрамына шығып қалғандарының орнына 21 мүше сайланды, 3 шарт жобасы келісілді. Кезекті сессия төрағасы болып депутат Ш.С.Жангаскинова сайланды.