Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Нормативтік құқықтық акт 2021 жылғы 02 тамызда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 23791 болып енгізілді
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 88 2021 жылғы 23 шілде
Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің
күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген);
2) «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 264 «Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4724 болып тіркелген).
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хмилярчук |