Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 124 2021 жылғы 11 қараша
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 280 «Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 280 «Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4822 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық
мәслихатының хатшысы Т. Хмилярчук