Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 187 2022 жылғы 18 мамыр
2021 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есепті бекіту жөнінде
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына сәйкес 2021 жылғы қалалық бюджеттің атқарылуы туралы кент әкімдігі ұсынған есепті қарай отырып, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2021 жылғы Жезқазған кенті бюджетінің атқарылуы туралы есеп келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер – 47 177 мың теңге;
соның ішінде:
салықтық түсімдер – 2 878 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер – 44 299 мың теңге;
оның ішінде:
ағымдағы нысаналы трансферттер – 10 757 мың теңге;
нысаналы даму трансферттері – 0 мың теңге;
субвенция – 33 542 теңге;
2) шығындар – 48 188 мың теңге;
3) операциялық сальдо – 0 мың теңге;
4) қарыздар түсімі – 0 мың теңге;
5) қарыздарды өтеу – 0 мың теңге.
Қаржы жылының басына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 1 011 мың теңге.
Есептегі мерзімнің соңына бюджеттік қаражаттардың қалдықтары – 7 013,7 мың теңге.
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук