Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Нормативтік құқықтық акт 2022 жылғы 01 желтоқсанда нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 30901 болып енгізілді
Ұлытау облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 235 2022 жылғы 28 қараша
Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған
тарифтерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы |
Т. Хмилярчук |
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2022 жылғы 28 қарашадағы № 235 шешіміне |
қосымша
|
Сәтбаев қаласы бойынша халық үшін қаттытұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
Атауы |
Есептік бірлік |
Теңге (қосылған құн салығымен) |
Жайлы үйлер |
1 тұрғыннан айына |
309,99 |
Жайлы емес үйлер |
1 тұрғыннан айына |
319,99 |
Бірлігіне (көлеміне) жылдық тариф |
1 м3 |
1859,99 |