Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 112 «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Сәрсенбі, 26 Шілде 2017 00:00

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 112 «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4085 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы 2 (2243) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 21 057 664 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 3 323 437 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 740 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 9 000 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 17 711 487 мың теңге;

2) шығындар – 21 673 816 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 616 152 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру –        616 152 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;                    

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 616 152 мың теңге.»;

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«3. 2017 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 843 513  мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 11 215 622 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 1 840 529 мың теңге сомасында.»;

көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                                          Т. Тәжбенов

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                                     Т. Хмилярчук

Оқылды: 274 рет