Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2017 жылғы 18 қазанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4394 болып енгізілді
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 209 2017 жылғы 9 қазан
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 31 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының негізінде қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 29 сәуірдегі № 31 «Сәтбаев қалалық мәслихатының Регламентін бекіту туралы» шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3819 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2016 жылғы 3 маусымдағы 22 (2211) нөмірінде және 2016 жылғы 6 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Цой
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук