Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2017 жылғы 11 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4473 болып енгізілді
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 217 2017 жылғы 4 желтоқсан
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 112 «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 112 «2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4085 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2017 жылғы 13 қаңтардағы 2 (2243) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 25 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2017 – 2019 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2017 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 23 146 323 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 317 737 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 16 840 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 31 600 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 19 780 146 мың теңге;
2) шығындар – 23 762 475 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 616 152 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 616 152 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 616 152 мың теңге.»;
3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«3. 2017 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:
1) республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1 538 351 мың теңге сомасында;
2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 12 595 519 мың теңге сомасында;
3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 1 834 453 мың теңге сомасында.»;
7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Жергілікті атқарушы органның 2017 жылға арналған резерві 0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Цой
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук