Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Жұма, 26 Қаңтар 2018 09:36

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 3 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4532 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                             № 223                               2017 жылғы 26 желтоқсан

 

2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы   «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. 2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 16 476 109 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 496 975 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 16 000 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 19 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 12 944 134 мың теңге;
2) шығындар – 16 476 109 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:

  1. жеке табыс салығы бойынша:

төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын – 100 пайыз;

  1. әлеуметтік салық бойынша – 100 пайыз.

3. 2018 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:
1) республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 2 008 405 мың теңге сомасында;
2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 6 376 133 мың теңге сомасында;
3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 433 421 мың теңге сомасында.
4. 2018 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі         4 126 175 мың теңге сомасында ескерілсін.
5. Жергілікті атқарушы органның 2018 жылға арналған резерві 60 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
6. 2018 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                                 Қ. Әділбаев

Қалалық
мәслихат хатшысы                                                            Т. Хмилярчук

Оқылды: 1153 рет