Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 11 қаңтарда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4563 болып енгізілді
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 235 2017 жылғы 28 желтоқсан
2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 қарашадағы «2018 – 2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. 2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 33 019 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 019 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 30 000 мың теңге;
2) шығындар – 33 019 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2018 жылға арналған Жезқазған кентінің бюджетіне кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерде белгіленсін:
жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз.
3. 2018 жылға арналған Жезқазған кентінің бюджеті түсімдерінің құрамында қалалық бюджеттен Жезқазған кентінің бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі 30 000 мың теңге сомасында ескерілсін.
4. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук