Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Бейсенбі, 17 Мамыр 2018 10:39

Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 25 сәуірде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4724 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                                             № 264                               2018 жылғы 18 сәуір

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы          № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Сәтбаев қалалық                       мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 227 «Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4550 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 18 наурызда және 2018 жылғы 19 наурыздағы «Шарайна» № 3 (2296) газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген орыс тілдегі шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«В соответствии с подпунктом 3) статьи 19-1 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан» Сатпаевский городской              маслихат РЕШИЛ:».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы,         

қалалық мәслихат хатшысы                                                     Т. Хмилярчук

Оқылды: 224 рет