Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 02 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4991 болып енгізілді
Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № 319 2018 жылғы 18 қазан
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 223 «2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 223 «2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4532 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы 2 (2295) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 16 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2018 – 2020 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 15 699 321 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 384 582 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 126 187 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 21 443 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 12 167 109 мың теңге;
2) шығындар – 16 023 533 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 324 212 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 324 212 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 324 212 мың теңге.»;
5 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«5. Жергілікті атқарушы органның 2018 жылға арналған резерві 0 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Юстус
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук