Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 235 «2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 18 Наурыз 2019 06:45

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 10 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5035 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                             № 338                2018 жылғы 07 желтоқсан

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 235 «2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 235 «2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4563 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2018 жылғы 19 қаңтардағы 3 (2296) нөмірінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2018 жылғы 23 қаңтарда жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2018 – 2020 жылдарға арналған Жезқазған кентінің бюджеті тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2018 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 34 811 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 019  мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 792 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 31 000  мың теңге;
2) шығындар –  34 811  мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
    2. Осы шешім 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы                            Қ. Әділбаев

Қалалық
мәслихат хатшысы                             Т. Хмилярчук

Оқылды: 231 рет