Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 18 Наурыз 2019 06:53

Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Қарағанды облысы Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акт 2018 жылғы 27 желтоқсанда нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5092 болып енгізілді

Қарағанды облысы Сәтбаев қалалық мәслихаты сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                             № 349                2018 жылғы 26 желтоқсан

2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы


Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 30 қарашадағы   «2019 – 2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1.    2019 – 2021 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2019 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 11 133 432 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 3 268 400 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 32 700 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 22 000 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 7 810 332 мың теңге;
2) шығындар – 11 133 432 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – алу 30 000 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 30 000 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – 30 000 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – алу       30 000 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 30 000 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.
2. 2019 жылға арналған қалалық бюджетке кірістерді бөлу нормативтері мынадай мөлшерлерде белгіленсін:
1)    жеке табыс салығы бойынша:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын – 100 пайыз;
төлем көзінен салық салынбайтын шетелдік азаматтар табыстарынан ұсталатын – 100 пайыз;
2)    әлеуметтік салық бойынша – 100 пайыз.
3. 2019 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:
1) республикалық және облыстық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 3 008 369 мың теңге сомасында;
2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 108 704 мың теңге сомасында;
3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 610 762 мың теңге сомасында.
4. 2019 жылға арналған қалалық бюджет түсімдерінің құрамында облыстық бюджеттен қала бюджетіне берілетін субвенциялардың көлемі         4 082 497 мың теңге сомасында ескерілсін.
5. Жергілікті атқарушы органның 2019 жылға арналған резерві 50 000 мың теңге сомасында бекітілсін.
6. 2019 жылға арналған бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 5 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. Осы шешім 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.


Сессия төрағасы                            В. Цой

Қалалық
мәслихат хатшысы                            Т. Хмилярчук

Оқылды: 988 рет