Сенбі, 26 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223 «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі т

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Сейсенбі, 15 Қазан 2019 10:55

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті  мемлекеттік  басқару  және  өзін-өзі  басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі Заңының 13 бабына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
 1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 06/01 және Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 223  «Сәтбаев қаласы азаматтарының жекелеген санаттарының қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2601 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2014 жылғы 25 сәуірдегі  № 16 (2103), «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 5 мамырда жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

  1. тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

 «1. Сәтбаев қаласы азаматтарының төмендегі санаттарына қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру белгіленсін:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген,
мәртебесі «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8 баптарымен белгіленген адамдарға – тегін жол жүру;
2) Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  қажырлы  еңбегі  үшін  ордендермен
және  медальдармен марапатталған адамдарға – тегін жол жүру;

3) Ұлы   Отан   соғысы   жылдарында   кемінде   алты   ай  жұмыс  істеген
адамдарға – тегін жол жүру;
4) зейнетақының ең төменгі мөлшерін алатын зейнеткерлерге – тегін жол
жүру;
5) бірінші, екінші топтағы мүгедектерге – тегін жол жүру;
6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға – тегін жол жүру;
7) бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары, оның
ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар аналарға, «Күміс алқа», «Алтын алқа» алқаларымен марапатталған  аналарға – тегін жол жүру.».
2.  Осы бірлескен Сәтбаев қаласының әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының шешімі алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       
 Сәтбаев қаласының әкімі                                                А. Ыдырысов

 Сессия төрағасы                                                                Е. Тоқымбаев

 Қалалық
 мәслихат хатшысы                                                           Т. Хмилярчук

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі
________ облысының/қаласының Әділет департаменті
Нормативтік құқықтық акті 05.06.2019
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік
тіркеудің тізіліміне № 5378 болып енгізілді

Результаты согласования
ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата» - главный  специалист-юрист Динара Бегалиевна Кулашева, 03.06.2019 17:09:28, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата» - секретарь городского маслихата Татьяна Ивановна Хмилярчук, 03.06.2019 17:12:55, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ «Аппарат Сатпаевского городского маслихата» - Председатель сессии Ержан Аманжолович Токимбаев, 03.06.2019 17:16:59, положительный результат проверки ЭЦП
ГУ "Аппарат акима г.Сатпаев" - руководитель отдела Наиль Рашитович Салихов, 03.06.2019 18:08:36, положительный результат проверки ЭЦП
Департамент юстиции Карагандинской области - Руководитель Департамента Асхат Нургазиевич Жусупов, 04.06.2019 18:35:09, положительный результат проверки ЭЦП

Оқылды: 149 рет