Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 05:49

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы   «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. 2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

$11)     кірістер – 12 938 020 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4 214 537 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 27 233 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 691 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 8 649 559 мың теңге;

$12)     шығындар – 12 938 020 мың теңге;

$13)     таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

$14)     қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

$15)     бюджет тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

$16)     бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 0 мың теңге.

2. 2021 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін.

3. Жергілікті атқарушы органның 2021 жылға арналған резерві 65 000 мың теңге сомасында бекітілсін.

4. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Сессия төрағасы

 

К. Адилбаев

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы

 

Т. Хмилярчук

Оқылды: 152 рет