Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 640 «2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Нормативтік-құқықтық актілер Дүйсенбі, 07 Маусым 2021 05:52

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

$11.       Сәтбаев қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № 640 «2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21974 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2021 жылғы 06 қаңтарда, «Шарайна» газетінің 2021 жылғы 08 қаңтардағы № 1-2 (2449-2450) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2021 – 2023 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2021 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

$11)     кірістер – 13 038 020 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 4 314 537 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 27 233 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 46 691 мың теңге;

трансферттердің түсімдері бойынша – 8 649 559 мың теңге;

$12)    шығындар – 14 376 020 мың теңге;

$13)     таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

$14)     қаржы активтерімен жасалатыноперациялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

$15)     бюджеттің тапшылығы (профициті) – 0 мың теңге;

$16)     бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 0 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;

бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары – 1 338 000 мың теңге.»;

көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.

 

Сессия төрағасы

 

Қ. Балмағамбетов

Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы

 

Т. Хмилярчук

 

 

Оқылды: 87 рет