жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының 33 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № _____ 2014 жылғы «___» ___________
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы № 222 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2600 болып тіркелген және 2014 жылғы 25 сәуірдегі № 16(2103) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген мемлекеттік тілдегі Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
қағидалардың 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы И. Бралин
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук
КЕЛІСІЛДІ:
«Сәтбаев қаласының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Б. Әпеков
2014 жылғы «__» _________
Сәтбаев қалалық мәслихатының
2014 жылғы «__» _________
33 сессиясының № ___ шешіміне
қосымша
Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн
белгiлеудiң және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің
мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының
тiзбесiн айқындаудың қағидаларына
1 қосымша
Отбасыны тiркеу нөмiрi _________
Өтiнiш берушiнiң отбасы құрамы туралы мәлiметтер
(Өтініш берушінің Т.А.Ә.) (үйінің мекенжайы, тел.)
Р/с № |
Отбасы мүшелерiнiң Т.А.Ә. |
Өтiнiш берушiге туыстық қатынасы |
Туған жылы |
Өтiнiш берушiнiң қолы ____________________ Күні _____________
Отбасының құрамы туралы
мәлiметтердi куәландыруға уәкiлеттi
органның лауазымды адамының Т.А.Ә. _____________________
(қолы)