Жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының 36 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № _____ 2015 жылғы «___» ___________
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 «2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 «2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 болып тіркелген және 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 2(2140) «Шарайна» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 5 602 138 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 2 008 612 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 13 460 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 8 095 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 3 571 971 мың теңге;
2) шығындар – 5 546 748 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 18 314 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 18 314 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 56 385 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 56 385 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 19 309 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 19 309 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 18 314 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 995 мың теңге.»;
көрсетілген шешімге 1 қосымша осы шешімге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Төлендина
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук