Жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының 39 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы№ _____ 2015 жылғы «___» ___________
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 « 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 300 «2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2910 болып тіркелген, 2015 жылғы 23 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және «Шарайна» газетінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы 2 (2140) нөмірінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2015 – 2017 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2015 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 10 866 019 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 2 038 612 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 13 460 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 10 495 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 8 803 452 мың теңге;
2) шығындар – 10 810 629 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 2 118 314 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 2 118 314 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 56 385 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 56 385 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 2 119 309 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 2 119 309 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 2 118 314 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 995 мың теңге.»;
3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«3. 2015 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:
1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 927 229 мың теңге сомасында;
2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 184 466 мың теңге сомасында;
3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 98 776 мың теңге сомасында.»;
6 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«6. 2015 жылға арналған қалалық бюджет шығыстарының құрамында республикалық бюджеттен мынадай ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін:
мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілер болып табылмайтын жұмыскерлерінің, сондай-ақ жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ерекше еңбек жағдайлары үшін 10 пайыз мөлшерінде ай сайынғы үстемеақы төлеуге.»;
7 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«7. Жергілікті атқарушы органының 2015 жылға арналған резерві 40 534 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы В. Юстус
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук