Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Сейсенбі, 16 Ақпан 2016 03:14

Сәтбаев қалалық мәслихатының

2016 жылғы «___» ақпандағы

№ ______ шешімімен

бекiтiлген

        

Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын

өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Жезқазған кентінің бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Жезқазған кентінің, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Жезқазған кентінің аумағындағы көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

3. Жезқазған кентінің әкімімен бөлек жиындар шақырылады.

Сәтбаев қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

5. Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді Жезқазған кентінің әкімі ұйымдастырады.

6. Бөлек жиынды ашудың алдында Жезқазған кентінің көшесінен, көппәтерлі тұрғын үйінен қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

7. Бөлек жиынды Жезқазған кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Жезқазған кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.

Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын он тұрғыннан бір адам санымен бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Жезқазған кентінің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.

9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті Жезқазған кенті әкімінің аппаратына береді.

Оқылды: 745 рет