Жоба
Сәтбаев қалалық мәслихатының 11 сессиясының шешімі
Сәтбаев қаласы № _____ 2016 жылғы «___» ___________
Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 406 «2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 406 «2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 2 (2191) нөмірінде және 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«1. 2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 618 365 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша – 2 417 955 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша – 13 440 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 11 970 мың теңге;
трансферттер түсімдері бойынша – 11 175 000 мың теңге;
2) шығындар – 13 631 129 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 12 764 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 12 764 мың теңге, оның ішінде:
қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;
қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;
бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 12 764 мың теңге.»;
3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«3. 2016 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:
1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1 428 685 мың теңге сомасында;
2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 7 616 871 мың теңге сомасында;
3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 1 011 789 мың теңге сомасында.»;
көрсетілген шешімге 1, 4 қосымшалары осы шешімге 1, 2 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.
2. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Төлендина
Қалалық
мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук