Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 406 «2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Сейсенбі, 06 Желтоқсан 2016 03:49

жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының 12 сессиясының шешімі

Сәтбаев қаласы                      № _____              2016 жылғы «___» ___________

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы   № 406 «2016 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 406 «2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3602 болып тіркелген, «Шарайна» газетінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы 2 (2191) нөмірінде және 2016 жылғы 20 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«1. 2016 – 2018 жылдарға арналған қалалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2016 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 15 331 799 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер бойынша – 2 659 019 мың теңге;

салықтық емес түсімдер бойынша – 13 440 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша – 10 795 мың теңге;

трансферттер түсімдері бойынша – 12 648 545 мың теңге;

2) шығындар – 15 344 563 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттер – 0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 0 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – алу 12 764 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру – 12 764 мың теңге, оның ішінде:

қарыздар түсімдері – 0 мың теңге;

қарыздарды өтеу – 0 мың теңге;                     

бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 12 764 мың теңге.»;

3 тармақ жаңа редакцияда мазмұндалсын:

«3. 2016 жылға арналған қалалық бюджет кірістерінің және шығындарының құрамында мынадай трансферттер қарастырылғаны 4 қосымшаға сәйкес ескерілсін:

1) республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер 1 460 818 мың теңге сомасында;

2) республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 9 058 283 мың теңге сомасында;

3) облыстық бюджеттен нысаналы даму трансферттері 1 011 789 мың теңге сомасында.»;

көрсетілген шешімге 1, 4, 5 қосымшалары осы шешімге 1, 2, 3 қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

         2. Осы шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы                                                               Қ. Жанасылова

Қалалық

мәслихат хатшысы                                                           Т. Хмилярчук

Оқылды: 1362 рет