Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту тура

Бөлім:  Жобалар және шешімдер Сәрсенбі, 06 Маусым 2018 11:46

Жоба

Сәтбаев қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ

Сәтбаев қаласы                              № ___                 2018 жылғы «___» __________

 

 

Сәтбаев қалалық мәслихатының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 30 маусымдағы № 355 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3324 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 шілдедегі «Шарайна» № 28 (2166) газетінде және 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Сәтбаев қаласы мен Жезқазған кентінің мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
17), 27), 28), 29), 30) тармақтары алынып тасталсын;
36 тармақ  жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«36. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.»;
2 және 3 қосымшалар алынып тасталсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                       Ш. Мұхамедғалиева                                                
Қалалық
мәслихат хатшысы                                                   Т. Хмилярчук

Оқылды: 218 рет