2017 жылғы 23 ақпанда Сәтбаев қалалық мәслихатының 14 сессиясы өтті.
Сессияда күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы Б.Ө. Жайлаубаев «Мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалу барысы туралы» баяндама жасады, Сәтбаев қаласының Жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы орталықтың директоры Н.Ғ. Күлбай баяндады. Әлеуметтік сала, құқықтық тәртіп және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Қ.Қ. Жанасылова осы мәселе бойынша депутаттық жұмыс комиссиясының анықтамасын ұсынды, ол қалалық мәслихат депутаттары мәселені сессияның қарауына әзірлеу барысында жастармен жұмыс жөніндегі нысандарды аралап, олардағы жағдайды зерттегендігін атап өтті. Мәселені қарау қорытындысы бойынша депутаттар ұйымдастырылмаған және жұмысшы жастармен жұмысты белсіндіру қажеттігі туралы ұсыныс жасады.
Сессия отырысында экономикалық реформа, бюджет, коммуналдық шаруашылық және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы В.Л. Цойдың өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы есебі тыңдалды, Сәтбаев қалалық мәслихаты аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі және қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруді пайдаланатын күндізгі оқу нысанындағы оқушылардың санаттары бекітілді (шешім жобасын әзірлеген «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ), сондай-ақ, қала әкімдігі жанындағы ведомствоаралық комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия жұмысына қала әкімі А.А. Ыдырысов, оның орынбасарлары, мемлекеттік мекеме және ұйымдар басшылары қатысты.