2016 жылғы 15 шілдеде Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтіп, онда Қоғамдық кеңестің мерзімнен бұрын шығып қалған мүшесінің орнына конкурсқа қатысу үшін келіп түскен құжаттар қаралды. Қоғамдық кеңестің мүшелігіне бос орынға конкурсқа қатысу үшін коммерциялық есем ұйымнан 1 ұсыныс келіп түскен. Конкурсқа қатысуға ұсынылған құжаттар қаралғаннан кейін әр кандидатура бойынша ашық дауыс беру жүргізу қорытындысы бойынша Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімінен ұсынылған кандидатура қалалық мәслихат сессиясының қарауына енгізілді.
Сәтбаев қалалық мәслихатының осы күні өткен кезектен тыс 8 сессиясында мәслихат депутаттары Қоғамдық кеңестің құрамына оның құзыретінің қалған мерзіміне ұсынылған кандидатураны бірауыздан бекітті.
Сәтбаев қалалық мәслихатының
ШЕШІМІ
Сәтбаев қаласы № 66 2016 жылғы 15 шілде
«Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51 сессиясының № 429 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
«Сәтбаев қаласының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы» Сәтбаев қалалық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы 51 сессиясының № 429 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның құрамына енгізілсін:
Аманжолов - Сәтбаев қаласының ішкі істер бөлімі
Баянқұл Құрманғалиұлы жергілікті полиция қызметінің басшысы;
комиссия құрамынан Ш.Қ. Жанасылова шығарылсын.
Сессия төрағасы Қ. Әділбаев
Қалалық мәслихат хатшысы Т. Хмилярчук