Құрметті қала тұрғындары!
2016 жылғы 17 қараша күні сағат 15.00-де әкімдіктің кіші залында Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Күн тәртібіндегі үш мәселенің бірі – қалалық Қоғамдық кеңестің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына енгізу мақсатында қала тұрғындарын толғандырататын мәселелердің тізбесін анықтау. Барлық қала тұрғындарын, ҮЕҰ өкілдерін кеңес отырысына қатысуға шақырамыз. Өз ұсыныстарыңызды сіздер 35309 телефоны арқылы жолдай аласыздар.