Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қала әкімі жанындағы қоғамдық кеңестің мұрындық болуымен өткен қоғамдық тыңдауда шағын аудандарда орналасқан балалар ойын және футбол алаңдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету мәселесі кеңінен сөз болды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша қаланың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына жауапты бөлімнің басшысы Досбол Мейірбек, қалалық аумақтық кеңес төрағалары Амантай Әбілқасымов пен Любовь Луцюк хабарлама жасады. Олардың айтуынша, кеншілер қаласында 34 балалар ойын алаңы, 17 футбол алаңы бар екен. Осы алаңдардың дені әртүрлі деңгейдегі жөндеуді қажет етеді. Көптеген балалар ойын алаңдарында қоршау жоқ. Кейбір алаңдарды қоқыс басып кеткен.
Кеңес мүшелері айтқандардың бәрі осы объектілердің нақтылы иесінің жоқтығынан болып отырғанын атап өтіп,  белгілі бір мекемеге, ұжымға оларды бекіту  керек екенін, сондай-ақ ойын алаңдары жөндеуді тендер арқылы ұтып алған мердігердің  жұмыс сапасын бақылауға алу керектігін ұсынды.
Қоғамдық тыңдауға келген қала тұрғындары да өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Олар, әсіресе, ойын алаңдарындағы сырғанақтар мен әткеншектердің сапасы мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі жайлы атты. Жиында жастар мәслихатының мүшелері мен еріктілер де өз ойларын білдірді. Олар ересектердің өз көліктерін балалардың ойын алаңдарына коятынын, мұндай келеңсіздіктер құзырлы орындардың қызметкерлері тарапынан да жиі орын алатынын да жеткізді.
Қоғамдық кеңес тыңдалым соңында жиында айтылған сын ескертпелер мен көтерілген мәселелерді саралай келіп, арнайы шешім қабылдады. Шешім қала әкімінің назарына жолданды.