«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңына сәйкес 2016 жылдан бастап Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын атқарып келеді, кеңестің құрамында адам саны – 11. Қоғамдық кеңестің негізгі мақсаты азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелер бойынша пікірін білдіру болып табылады. Қоғамдық кеңестердің қызметі бес қағидат негізінде жүзеге асады: қоғамдық негіздегі жұмыс, автономдық, дербестік, жариялылық, ашықтық және кеңес мүшелерін кезең-кезеңмен ротациялау. Қоғамдық кеңестің жанында 2 комиссия құрылды және жұмыс істейді: бюджет жәнеэкономикалық реформалар мәселелер жөніндегі комиссия және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссия, төрағалары Ә.Ө.Инсебаев және А.М.Тұрлыбек.
Қалалық қоғамдық кеңестің жұмысы 2017 жылға бекітілген жоспарға сәйкес жүргізіледі. Есеп кезеңінде Кеңестің 5 отырысы өткізілді, онда 10 мәселе қаралды.Атап өтсек: «Тұрғындарды уақытша тіркеу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы», «Білім мекемелерінде оқушылардың тамақтандырылуын ұйымдастыру туралы», «Қала объектілерінің сыртқы безендірілуінің жай-күйі туралы», «Мәңгілік Ел» және т.б. сәулеттік композициясы жобаларын қарау»
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 18 - бабына сәйкес қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды қоғамдық тыңдау рәсімі арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылаудың негізгі нысандары: қоғамдық мониторинг; қоғамдық тыңдау; қоғамдық сараптама; сондай–ақ Қоғамдық кеңес отырысында мемлекеттік органдар жұмысының нәтижелері туралы есептерді тыңдау болып табылады.
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Кеңеспен қаланың шағын аудандарын абаттандыру және Сәтбаев, Тәуелсіздік, Ерден көшелерінде сонымен қатар қаланың 2, 4 және 7 шағын аудандарында шағын ауданаралық жолдарына автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізілді. Монитроинг нәтижелері бойынша ескертулер мен ұсынымдар дайындалып, қала әкіміне және жауапты мемлекеттік мекеме басшыларына қорытындылар жолданды.
«Жер қатынастары бөлімі» ММ және «ТКЖ,ЖК,АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тарапынан қоғамдық кеңестің ұсынымдары талқыланып, қабылданған шешімдер туралы жауап берілді. Осыған байланысты мамыр айында қала әкімі және қоғамдық кеңес төрағасы жауапты мекемелердің қоғамдық кеңес ескертулерін жойғандығын бақылау мақсатында рейд жүргізді.
Сәуір айында Қоғамдық кеңеспен«Шағын аудандарда орналасқан балалар ойын және футбол алаңдарын күтіп ұстау және қызмет көрсету» атты тақырыпта қоғамдық тыңдау өткізілді. «ТКЖ, ЖК, АЖ және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы жүргізіліп отырған жұмыстар туралы есеп берді. Тындауға дайындық барысында қалалық қоғамдық кеңес мүшелері аумақтық кеңестермен бірлесе отырып қаладағы балалар ойын және футбол алаңдарының жағдайын тексеріп, анықталған кемшіліктерді кеңес отырысында көрсетті. Осы мәселе бойынша қалалық мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері және қала тұрғындары өз ұсыныстарын білдірді. Барлық айтылған ескертулер мен ұсынымдар қорытынды хаттамада жинақталып, жауапты мемлекеттік органдарға жолданды.
Сондай-ақ, қалалық қоғамдық кеңесте әкімдіктің және мәслихаттың 8 нормативтік құқықтық актілерінің жобалары қаралды. Қарау нәтижесінде мемлекеттік мекемелерге 5 ұсынымдар берілді және мақұлданды.
Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі бағыты мемлекеттік органдар басшыларының жұмыс нәтижелері туралы есептерін тындау болып табылады. Бірінші жартыжылдықта «2016 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы» қала әкімінің есебі, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы» Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы Жезқазған аймақтық өкілдігінің басшысы Б.А.Айтпаеваның , «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасының орындалысы туралы «Сәтбаев қаласы ТКШ,ЖК,АЖ және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» ММ-нің басшысы Д.Ө.Мейірбектіңесептері тыңдалды.
Қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері аптасына бір рет, сейсенбі күндері әкімшіліктің ғимаратында 39 кабинетте азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында қоғамдық кеңеске азаматтардан бір жазбаша және бес ауызша өтініштер келіп түсті, олардың төртеуі өз шешімін тапты, ал екі өтініш бойынша ҚР заңнамаларына түсініктеме берілді. Қабылдауға келуге ниет еткен азаматтар 35309 телефоны бойынша алдын ала жазыла алады.
Қалалық қоғамдық кеңеспен жүргізілген барлық жұмыстар қалалық БАҚ-та жарыққа шығарылады, «Шарайна» газетінің «Қоғамдық кеңес» айдарында 9 материал жарияланды, СТА телеарнасында 10 бейнесюжет көрсетілді, сондай-ақ қалалық мәслихат пен қала әкімдігінің ресми сайттарында «Қоғамдық кеңес» атты арнайы айдар жұмыс істейді.
Сәтбаев қаласының
Қоғамдық кеңесінің төрағасы М.С. Мәдиева