Сәтбаев қаласы Қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 18 маусымдағы кезекті отырысында «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ басшысы З.С.Таянованың «Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы» есебі тыңдалды.Әкімнің өкімімен қалада инфляциялық процестерді тежейтін штаб құрылғанын, аудандарда 4 жұмыс тобы жұмыс істейтінін атап өтті.Кәсіпкерлік бөлімімен облыстық тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен өнімдерді таңдауды және оны қаланың сауда орындарында өткізуді ұйымдастырылады.Жыл басынан бері 64 тонна өнім сатылды, 15 жәрмеңке өткізілді.6 «Жасыл керуен» акциясы жоспарланған, көкөніс қоймасының құрылысы жалғасуда.
Алайда, Қоғамдық кеңес мүшелері қалада жаңа ауылшаруашылық өндіріс орындарының ашылуына, өнімдерді облыстық тұрақтандыру қорынан төмендетілген бағамен сатуға, апталық ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыруға және басқаларына қатысты бірқатар шағымдар мен ескертулер білдірді . Таянова З.С. баяндамасын талқылауды қарау нәтижелері бойынша Қоғамдық кеңестің келесі ұсынымдары қабылданды:
- «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-не Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені және жұмыспен қамту жол картасы бағдарламалары шеңберінде жаңа жобаларды іске асыру бойынша жұмысты күшейту;
- «Светофор» сауда үйінің иесі сатып алған кезде нысаналы мақсатының
сақталуын «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ бірге тексеріп, ақпаратты Қоғамдық кеңеске ұсыну;
- «Светофор» сауда үйінің ғимаратында шаруа және ауылшаруашылық өнімдерін сатуға жағдай жасау;
- апта сайынғы әлеуметтік ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастырған кезде, өнім сатушылар үшін қажетті санитарлық жағдайларды қамтамасыз ету және эпидемияға қарсы шаралар талаптарын орындау;
- жәрмеңкеде жергілікті тауар өндірушілерді және шаруа қожалықтарын өнімдерін сатуға тарту;
- апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде шектеулі баға көрсетілген тақтаны ілу;
- облыстық тұрақтандыру қорына өтінімдерді уақтылы беру және өнімнің экспортын мерзіммен ұйымдастыру;
- сауда орындарының тізімі және аймақтық тұрақтандыру қорынан өнімді сату мерзімдерін, жоспарланған «Жасыл керуен» туралы тұрғындарды алдын-ала хабардар ету;
- қоғамдық кеңестің мүшелерін тарта отырып, аймақтық тұрақтандыру қорынан келген тауарлардың сатылуын қатаң бақылауға алу.