Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қаласының Қоғамдық кеңесінде бюджеттік бағдарламалардың орындалу сапасын бақылау үшін 4 жұмыс тобы құрылған. Бұл топтар жұмыс барысын басынан аяғына дейін бақылайды.

2021 жылдың 29 маусымында А.М.Тұрлыбек жетекшілік еткен жөндеу жұмыстарының сапасын бақылау жөніндегі жұмыс тобы, Қоғамдық кеңес төрағасы Мадиева М.С. бірге Батыс аудан, Құсайын, Уалиханов, Көктем көшелері жолдарының бойында рейд жүргізді. Жұмыс тобымен бірге рейдке «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.А Кенежғұлов және мердігердің өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңес мүшелері Құсайынов көшесіндегі жолдарды жөндеу сапасы бойынша ескертулер айтып, ұсыныстар берді, мердігер «Армстрой» ЖШС ескертулер жойылады деп сендірді.