Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесі өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және 2021 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес жүргізді. Есепті кезеңде Кеңестің 5 отырысы өткізіліп, онда 5 мәселе қаралды. Қаралған сұрақтар:

  • «Сәтбаев қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» Сәтбаев қаласы әкімінің есебі;
  •  «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасын іске асыру туралы;
  • Инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы;
  • Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысының «Аудан аумағында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын және елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы;
  • Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және олардың қала халқының денсаулығына әсері туралы.

Есепті кезеңде Қоғамдық кеңес жанынан 4 жұмыс тобы құрылды:

$11)   Сәтбаев қаласындағы автомобиль жолдарының жөндеу

сапасына мониторинг жүргізу туралы, басшы – Тұрлыбек Алаш Мырқалұлы, Сәтбаев қаласындағы кәсіпкерлер қауымдастығының төрағасы, Қоғамдық кеңес мүшесі;

$12)   «№4,5 шағын аудандарда, қаланың төменгі

бөлігіндегі жолдарды орташа жөндеу және жиектерді ауыстыру» бағдарламасының мониторингі туралы, басшы – Қошанов Асқар Өмірзақұлы, «Сәт Тазалық» ЖШС директоры, Қоғамдық кеңес мүшесі;

$13)   Сәтбаев қаласында «Юность» стадионын қайта құруды

бақылау, басшы – Жангаскинова Шолпан Сериковна, «Даму» ЖШС Дизайн Студиясының директоры, Қоғамдық кеңес мүшесі;

$14)   «Жеңіс саябағын» қайта құруды бақылау, басшы – Мулаков

Абулаис Түсіппекұлы, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС филиалының жанындағы Ардагерлер кеңесінің жетекшісі,Қоғамдық кеңес мүшесі.

 

Аталған жұмыс топтары бюджеттік қаражаттарды игеруін басталуынан оларды толық аяқтағанға дейін өз бағыттары бойынша жұмыс жүргізеді.Жұмыс топтарының барлық ескертулері мен ұсыныстары орындарында пысықталады, қажет болған жағдайда қала әкімі мен жауапты мемлекеттік мекемелер басшыларының атына хаттар дайындалады. Осы жылы Қоғамдық кеңестің ескертулері мен ұсыныстары бар 4 хат жолданды.

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына сәйкес, Қоғамдық кеңес әлеуметтік бақылауды тек қоғамдық рәсімдер арқылы жүзеге асырады. Қоғамдық бақылау нысандарының бірі - қоғамдық сараптама жүргізу, осылай қалалық қоғамдық кеңесте әкімдік пен мәслихаттың 14 нормативтік құқықтық актілерінің жобасы қаралды, олар бойынша мемлекеттік органдарға 10 ұсыныс берілді және олардың барлығы мақұлданды, бұл ұсыныстар негізінен бюджет қаражатын бөлуге қатысты болды.

 

Қоғамдық кеңес жұмысының негізгі бағыты - жұмыс нәтижелері туралы мемлекеттік органдар басшыларының есептерін тыңдау. 2021 жылдың 1 жартыжылдығында «Сәтбаев қаласының 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2021 жылға арналған міндеттер туралы» Сәтбаев қаласы әкімінің есебі, «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ - «Аудандық (қалалық) кітапханалардың жұмыс істеуі» бағдарламасын іске асыру туралы (Г.С.Кожахметова, С.Т. Карабекова), Қоршаған ортаны қорғау мәселелері және олардың қала халқының денсаулығына әсері туралы - «Сәтбаев қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ басшыларының есептері тыңдалды.Есептерді қарау нәтижелері бойынша 36 ұсыным дайындалып, мемлекеттік мекемелердің басшыларына жолданды,сондай-ақ«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің атқарушы директоры Р.Т.Елкеевке, Қарағанды ​​облысы бойынша экологиялық департаменттің бастығы Қ.Ж. Мұсапарбековке, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша департаментінің директоры А.Т. Өтегеновке, «Tranco Express» ЖШС директоры А.Е. Қадыровқа хаттар жолданды.Қоғамдық кеңестің ұсынымдары қарауға және іске асыруға алынды.

 

Қоғамдық кеңестің төрағасы аптасына бір рет сейсенбіде, әкімдік ғимаратының 39-кабинетінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізеді.Есепті кезеңде азаматтардан Сәтбаев қаласы Орталық ауруханасының медициналық көмегінің сапасы, жалға берілетін тұрғын үйді жекешелендіру, мемлекеттік тұрғын үй қорынан үй алу мәселелері бойынша 5 ауызша өтініш келіп түсті.Оның 4-іне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес түсініктеме берілді, біреуі бойынша Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының аймақтық өкілдігіне хат жолданды.

 

Қоғамдық кеңес жүргізіп жатқан жұмыстар қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланған, осылайша«Шарайна» және «Вечерний Сатпаев» газеттерінің беттерінде 3 материал қамтылған, «Ақшам» телеарнасында 5 бейнеролик, Сәтбаев қаласы әкімдігі мен мәслихатының сайттарында ақпараттар жарияланған.

                  

Сәтбаев қалалық

Қоғамдық кеңес төрағасы                                        М.С. Мадиева