Қоғамдық кеңес мүшелері қалалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бақылауды жалғастыруда.Бүгін Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысовтың қатысуымен олар салынып жатқан «Этнопаркте» болды. Сәтбаев қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі саябақтың және онда орнатылатын композициялардың толық жобалық нұсқасын кеңес мүшелеріне ұсынды.
Қоғамдық кеңес мүшелері кіру тобының, қоршау конструкцияларының құрылысы бойынша жұмыстар сапалы құрылыс материалдары пайдаланылп отырып, талапқа сай орындалғандығын атап өтті. Құрылысты бәсеңдетпеу және уақытында аяқтау қажет.