Бүгін кеңес мүшелері Қоғамдық кеңеске келіп түскен нормативтік құқықтық актілерді қарады. Күн тәртібінде Сәтбаев қаласы әкімдігінің салық салу объектілерінің коэффициенттерін бекіту туралы қаулысының жобасы; жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзетулер енгізу, салық салу мақсатында жерді аймақтарға бөлу жобасы (схемасы);пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлері үшін бірыңғай және базалық жер салығының мөлшерлемелерін арттыру; Сәтбаев қалалық мәслихатының «Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» және «Жезқазған кентінің жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» шешімдерінің күші жойылды деп танылуы. Жезқазған кентінің әкіммінің м.а және бөлім басшыларының берген ақпараттын тыңдап, талқылағаннан кейін кеңес мүшелері 3 жобаны мақұлдап, бірінші мәселе бойынша ұсыныстарын берді.