Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

2021 жылдың 26 ​​қазанында өткен Қоғамдық кеңес отырысында қаланың өзекті мәселелер қаралды. Бірінші сұрақ бойынша Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің бастығының орынбасары О.Ж. Құсаиынов Сәтбаев қалалық ішкі істер бөлімінің 2021 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша «Құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қорғау және рұқсат етілмеген үйінділерді жою және қоқысты сәйкес емес жерлерге шығару бойынша қабылданған шаралар туралы» ақпарат берді.

Сондай-ақ осы мәселе бойынша кеңес мүшелері алдында Қарағанды ​​облысы бойынша экология департаментінің инспекторы Ш.А.Тынымбаев сөз сөйледі.Басқарманың рұқсат етілмеген үйінділердің қалыптасуына жүргізген мониторингінің нәтижелерімен таныстырып, орын алған мәселелерді шешу жолдарын ұсынды.

Екінші сұрақ «Сәтбаев қаласындағы кондоминиум объектісін басқарудың жаңа нысандарын енгізу туралы. Проблемалар және оларды шешу жолдары» бойынша тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ж.С.Сейлованың баяндамасы тыңдалды.Жиынға шақырылған, қалыптасқан(құрылған) МИБ төрағалары өз тәжірибелерімен бөлісіп, түйткілді мәселелерге тоқталды.Қарау барысында кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, талқылау қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар берілді.Жиын соңында қала әкімінің орынбасары Б.Е.Әбдірахаев кеңес мүшелеріне қала мәселелерін шешуге белсене атсалысылып жүргендері үшін алғысын білдірді.