Қоғамдық кеңес мүшелері кезекті отырыста қарады:
1. «Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту» бюджеттік бағдарламасының орындалуы туралы. Баяндаушы: М.Б. Игенберлина - «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ бас маманы.
2. «ҚР мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту» бюджеттік бағдарламасының орындалуын талдау. Баяндаушы: А.А.Шоқпытов - «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары, Ф.К. Ильясова - «Сәтбаев қаласының жер қатынастары,сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысының м.а., Н.А.Кенжеғұлов - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильжолдары бөлімі» ММ басшысы.
Сұрақтарды дайындау барысында жұмыс топтары құрылды, олар бюджеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.
Жиында қоғам белсенділері мекемелердің оңды жұмысына тоқталып, сондай-ақ аталған бағдарламаларды жүзеге асыру бағытында ескертулер жасап, өз ұсыныстарын айтты. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдердің жобалары көпшілік дауыспен мақұлданды.