А.ж. 6 желтоқсанындағы кезекті отырыста Қоғамдық кеңес мүшелері алдағы жылға арналған қала бюджетінің жобасын қарады.Жиынға Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Ш.М.Әубәкір қатысты.Сәтбаев қалалық мәслихатының «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешімінің жобасымен «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысының м.а. К.Бегенова таныстырды.
Қарау қорытындысы бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерімен ұсынымдар қабылданып, мемлекеттік органдарға жіберілді.