Сейсенбі, 29 Сәуір 2025

Блог руководителя

Сенім телефоны

3 - 45 - 23



getTag(); ?>

imgad 1

Қалалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

Бірінші сұрақта «Сәтбаев қаласының №8 шағын ауданы, батыс, шығыс аудандарының аумағындағы жер үсті суларын төмендету және бұру» бағдарламасын орындау туралы «Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі» ММ-нің басшысы Н.С Сүттібаеваның баяндамасы тыңдалды.Н.Сүттібаева және мердігер мекеменің өкілі кеңес мүшелері А.Т.Мұлақов, А.М.Тұрлұбек, А.Ө.Қошановтың қойған сұрақтарына толық жауап берді.Қоғамдық кеңес төрағасы М.Мәдиева аталмыш жобаның қала үшін маңыздылығын атап өтіп, жұмыстың сапалы аяқталуын қамтамасыз ету бойынша кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстарды енгізді, олар бірауыздан қабылданды.

«Жезқазған кентінің 2022 – 2024 жылдарға арналған бюджеті туралы» мәселе бойынша кеңес мүшелері аппараттың бюджеттік өтінімін мақұлдады.

Отырыс соңында М.Мадиева Қоғамдық кеңестің 2021 жылғы жұмыс нәтижелері туралы қорытынды ұсынып, кеңес мүшелеріне бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғысын білдірді.Қорытынды есеп қалалық мәслихат пен әкімдіктің интернет-ресурстарында орналастырылады.