Қалалық Қоғамдық кеңестің жаңа сайланған құрамының бірінші отырысы 2022 жылғы 11 наурызда өтті.
Күн тәртібіне сәйкес кеңес мүшелері қалалық мәслихаттың 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №640 «2022-2024 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы жобасын қарап, Қоғамдық кеңестің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.Бірінші мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Е.Қарабекованың баяндамасы тыңдалды. Қоғамдық кеңес мүшелері Ө.М. Ахмет, Ә.Т.Әбдірашев, А.М.Тұрлыбек өз сұрақтарын қойды. Талқылау қорытындысы бойынша бөлімге бағдарламаларды сапалы орындау бойынша ұсыныстар берілді.