Ағымдағы жылдың 30 наурызында өткен Сәтбаев қалалық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің АХАТ бөлімімен мемлекеттік қызметтердің көрсету сапасы туралы» мәселе қаралды.Осы мәселе бойынша АХАТ бөлімінің басшысы А.А.Әлімбаеваның, ақпараттық технологиялар және стандарттар бөлімінің басшысы Ж.С.Серікбаеваның ақпараттары тыңдалды.Олар бөлімнің халыққа қызмет көрсетудің 8 түрін «Электрондық үкімет» веб-порталы, халыққа қызмет көрсету орталығы және мемлекеттік органға жүгіну арқылы көрсететілетінін атап өтті.2021 жылы барлығы 5006 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде - 2712 қызмет. 2022 жылдың қаңтар-ақпан айларында 831 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде электронды түрде – 347 қызмет, бұл 2021 жылдың кезеңімен салыстырғанда 120,0% құрайды.Бөлімде «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы» жұмыс істейді, онда азаматтарға электрондық мемлекеттік қызметтерді алуда практикалық көмек көрсетіледі, тиісті материалдармен ақпараттық стенд орналастырылған.
Отырысты дайындау барысында Қоғамдық кеңестің Әлеуметтік сала және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясының мүшелері РАГС жұмысымен танысты.Өткен жыл мен ағымдағы жылдың 2 айында тұрғындардың көрсетілетін қызмет сапасына қатысты арыздары мен шағымдарын қарау мерзімдерін бұзу фактілері тіркелген жоқ, алайда мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсетуде қиындықтар бар.
Қоғамдық кеңес мүшелері А.М.Тұрлыбек, Ә.Т. Әбдіраш, Ғ.Б. Нұрпейсов «Қайтыс болуды тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік қызметін көрсету, бала асырап алу рәсімдерін жеңілдету бойынша бірқатар сұрақтар қойып, электронды қызметтерді халық арасында кеңінен насихаттау және мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібіне енгізілген өзгерістер туралы тұрақты ақпараттандыру бойынша ұсыныстар енгізді.
Барлық айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Қоғамдық кеңес отырысының шешімі қабылданды.